«Тереңкөл аудандық аграрлық - техникалық колледжі» КМҚК
0

  

Колледж тарихы

Колледждің атауы: Палодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Тереңкөл ауданының аграрлық –техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.     

 

Құрылған кезі:

 

Качир ауылында №134 қалалық кәсіби-техникалық училищесін «Ашу туралы» № 1880 1964 жылғы қазанның 8-і күнгі Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Өкімі.

 

Колледж құрылған кезден бастап атауларының өзгеру жылнамасы:

 

№ 11 Качир колледжі өзінің еңбек жұмысын 1965 жылы ҚКТУ-134 құрылыс училищесі ретінде бастады. (Качир ауылында №134 қалалық кәсіби-техникалық училищесін «Ашу туралы» № 1880 1964 жылғы қазанның 8-нен Қазақ ССР Министр Кеңесінің Бұйрығы).

 

1984 жылы кәсіби-техникалық оқу орындарының атын өзгерту туралы 06.09.84ж. Павлодар қаласының КТБ облыстық басқармасының № 192 бұйрығы шығады, 134-ҚКТУ 11-КТУ-не өзгертілді.

 

1996 жылы шілденің 01-і күнгі  білім департаментінің №154 бұйрығы бойынша кәсіби-техникалық училище кәсіби-техникалық мектеп болып өзгертілді.

 

2000 жылы ҚР №389-13 бұйрығына және 1999ж. желтоқсанның 30-нан № 282 «Павлодар облысының білім жүйесінің басқару үлгісін өзгерту туралы» Павлодар облысы әкімінің шешіміне сәйкес кәсіби-техникалық мектеп кәсіптік мектепке өзгертілді. 

 

2008 жылы облыс әкімдігінің «Павлодар облысы білім саласының мемлекеттік мекемелердің атын өзгерту туралы» № 273/10 Қаулысына сәйкес кәсіптік мектеп кәсіптік лицейге өзгертілді.

 

2012 жылы қыркүйектің 12-сіндегі «Павлодар облысының білім ұйымының атын өзгерту туралы» Павлодар облысының әкімдігінің № 258/9 қаулысы негізінде «Качир №11кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесі «№11-Качир колледжі» комуналдық мемлекеттік мекемесіне өзгертілді.

 

2013 жылы қарашаның 25-і күнгі «Павлодар облысының мемлекеттік білім беру  мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Павлодар облысы әкімдігінің № 401/13 қаулысы негізінде  «№11-Качир колледжі» комуналдық мемлекеттік мекемесі "Качиры аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпоры болып қайта құрылды.  

 

2018 жылғы 6 қараша күнгі Павлодар облысы әкімдігінің "Павлодар облысының кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта атау туралы" № 384/7 Қаулысы негізінде Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Качиры аграрлық – техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталды.