Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

  

Жатақхана

Жатақхана секциялық емес, типтік болып табылады. Жалпы көлемі 894 ш.м. құрайды. Жобалық қуаты 2019 жылдан бастап 11 орындыққа ұлғайтылды, 47 орындықты құрайды. Тұратын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі және сыртқы бейнебақылау камералары орнатылды.

Жатақхана жиһазбен, қатты, жұмсақ мүкәммалмен жинақтаған, әр адамға 3 жиынтық төсек-орын бар. Демалыс бөлмесінде жұмсақ жиһаз, теледидар, үстел ойындарына арналған орын бар, ОTAU TV жер серіктік антеннасы тартылған. Гигиена бөлмелері душ кабиналарымен жабдықталған. Тұрмыстық және кір жуатын бөлмеде үйдегідей барлық жағдай жасалған.

Колледж жатақханасында студенттерге тұруға, бос уақытын ұйымдастыруға барлық жағдайлар жасалынған, вахтерлер мен инженерлік-педагогикалық ұжым мүшелерінің тәулік бойы кезекшілігі жүргізілуде.

Студенттер жатақханаға «Техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орындарының ұйымдарында білім алушыларға жатақханадан орын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне сәйкес арнайы комиссияның шешімі бойынша орналастырылады.

 

Жатақханада балалармен жұмысты ұйымдастыру жатақханада тұратын студенттермен тәрбие жұмысының бекітілген жылдық және ай сайынғы жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты-жатақханада балаларды тәрбие ортасын, әлеуметтік жетілген, интеллектуалды дамыған, адамгершілік жағынан жетілген және шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға, өзіне-өзі қызмет етуге, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі басқаруға қабілетті, тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетін, тұрмыс мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

 

Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, ұлттық және отбасылық тәрбиес туденттермен жұмыстың негізгі бағыттарының бірі.

  1. Әңгімелесу және мемлекеттік мерекелерге дайындық: Конституция күні, ҚР Тілдер күні, "ҚР Ұлттық валютасы Күні" викторинасы, Тұңғыш Президент күні, ҚР Тәуелсіздік күні
  2. 04.11.2019 студенттердің "Туған өлке мақтанышы" атты фотокөрмесі ұйымдастырылды

 

Жатақханадағы тәрбие жұмысының тиімділігінің маңызды шарты кәмелетке толмаған студенттермен жеке жұмыс болып табылады. Осыған байланысты алғашқы танысу және оқушылардың жеке басының ерекшеліктері нанықтауға (сауалнама жүргізу, олардың мүдделерін, қызығушылықтары мен құндылықтық бағдарларын зерттеу) ерекше көңіл бөлінеді. Агрессивті мінез-құлыққа бейім студенттермен профилактикалық жұмыс үнемі жүргізіледі (жеке, топтық). Өз-өзіне қызмет көрсету және үй шаруашылығын жүргізу дағдыларын, мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру бойынша оқушылар мен жеке жұмыс жүргізіледі.

 

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие мақсаты студенттердің қоғам өміріндегі еңбектің маңызы туралы түсінігін кеңейту болып табылады ; еңбекқорлық, дербестік, шыдамдылық сияқты қасиеттерді оң адамгершілік бағалауын қалыптастыруға ықпал ету; балаларды еңбек дағдыларын дамытуға, еңбек акцияларына қатысуға, өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру.

«Өз мамандығыңды елестет» ойыны және «Сенің мамандығың әлемі» дөңгелек үстелі. Іс-шара барысында студенттер өз мамандығының қызықты жақтарын ашып, мамандықтың артықшылықтары, өз ісінің шеберлерінің құпиялары және таңдаған мамандығына деген қарым-қатынасы туралы әңгімеледі.

 

Көркем-эстетикалық тәрбие Мұнда шығармашылық қиял мен креативтілікті көрсету үшін кең орын бар. Жұмыс қорытындысы – жатақхана мен үйге арналған әдемі әшекейлер.

 

View the embedded image gallery online at:
http://atk-terenkol.kz/9-5.html#sigFreeIdfbaec0a6d7