Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

  

Колледж миссиясы

«Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжі» КМҚК

Стратегиялық мақсаттар:

- жоғары білікті мамандарды даярлау, ұйымдармен әріптестік байланысты кеңейту;

- үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін қалыптастыру;

- әртүрлі бейіндегі ТжКБ мамандарын даярлау жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету;                                      

- білім сапасын басқару жүйесінің одан әрі қалыптасуын қамтамасыз ету;   

- колледждің білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында Денсаулық сақтау кеңістігін жан-жақты дамыту;            

- әлеуметтік әріптестік жүйесін кеңейту;

- жұмыс берушілер мен білім беру қызметтерін тұтынушылардың еңбек нарығының талаптарына сәйкес кәсіптік даярлық ретінде және мазмұнында сұраныстарын қанағаттандыру, жаңа мамандықтарды ашу, дайындаудың ықтимал бағыттарын анықтау мақсатында еңбек ресурстары нарығының қажеттілігін зерттеу.

 

Міндеттер:

- сапалы білім беру қызметін ұсыну;

- кәсіби құзыреттілігі мен мәдениеті жоғары ұжымды қалыптастыру;

- оқытушылар мен студенттердің табысты қызметі үшін қажетті жағдай жасау;

- педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы оқу үдерісін кадрлық қамтамасыз етуді сапалы жақсарту;

- кәсіптік дайындық ретінде және мазмұнында білім беру қызметін тұтынушылар мен жұмыс берушілердің сұраныстарын қанағаттандыру.

 

Колледжді дамытудың стратегиялық мақсатына жету мынадай стратегиялық міндеттер кешенін шешу жолымен қамтамасыз етіледі:

- білім беру үдерісін жаңғырту;

- Тәжірибелік оқытудың тиімділігін арттыру және жаңғырту;

- кадрлық әлеуетті дамыту;

- материалдық-техникалық базаны нығайту;

- әлеуметтік әріптестікті кеңейту;

- басқару жүйесін жетілдіру.

 

Колледждің әдістемелік тақырыбы:  

«Білім беру технологиялары негізінде кәсіби білікті маманды даярлау және білім беру үдерісінде практикалық оқытудың рөлін күшейту».

 

 

Колледж миссиясы:

«Елдің индустриалды-инновациялық дамуына бағытталған білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында табысты маманды қалыптастыру».

 

Түйінді бағыттары:

  1. Кәсіптік стандарттардың талаптарын, WorldSkills құзыреттілігін, дуалды оқытуды ұйымдастыру ережелерін ескеретін білім беру бағдарламаларының жаңа мазмұнына сәйкес білім беру үдерісін оқу-әдістемелік және оқу-бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру.
  2. Шеберлердің, оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жұмысты күшейту.
  3. Шеберлердің, оқытушылар мен студенттердің жарияланымдық белсенділігін арттыру.
  4. Кәсіби стандарттардың талаптарын есепке алу контекстінде оқу және өндірістік практикалардың мазмұны мен ұйымдастырылуын жетілдіру.
  5. Кадрларды даярлау саласындағы әріптестермен колледждің перспективалық түрлерін дамыту.
  6. Колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу қызметінің жұмысын жетілдіру, колледж түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру, кәсіби бағдарлау және әлеуметтік бейімдеу бағдарламасын әзірлеу.
  7. Студенттердің қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына бейімделуі бойынша тәрбие жұмысын жетілдіру.
  8. Студенттерді әлеуметтендіруге және өзін-өзі көрсетуге, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететін тәрбие жұмысының тиімді жүйесін ұйымдастыру.
  9. Кәсіби бағдар беру жұмысын құру, дамыту және кеңейту, аудан мектептерімен ынтымақтастықты дамыту.
  10. Колледж сайтын дамыту: ақпаратты жедел орналастыру, білім беру процесінің ашықтығын арттыру, әлеуметтік желілерде колледж имиджін арттыру.