Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

  

29 қарашада «Заманауи Қазақстан. Елбасы Дәрістері» атты ашық сабақ өтті

"Жеңіске жетелеген әндер"

2020 жылғы 9 мамырда біздің еліміз бен бүкіл әлем Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өтпек. Мерекелер, концерттер, тақырыптық кештер, ардагерлермен кездесулер өтеді. Әрине, әрбір осындай кездесуде соғыс жылдарындағы әндер шырқалады.  Оларды бәрі біледі, олар ескірмейді және әр түрлі жастағы адамдар оларды жақсы көреді. Ән сол кезде ұрыста пайда болды, оларды ерлікке бастады, олар жауды жеңуде күш пен сенімділік ұялатты. Соғыс жылдарының көптеген әндерінің шығу тарихтаы да сан қилы.

2020 жылдың 30 қаңтарында Жеңіс күніне арналған іс-шаралар аясында аудандық кітапхана қызметкерлері колледжбен бірлесе отырып "Жеңіске жетелеген әндер"атты музыкалық кеш өткізді.

Іс-шара жүргізушілері әскери әндердің шығу тарихтары туралы айтып берді. Е. Джабиновтың, О. Гараевтың және Н. Мұстафенованың орындауында соғыс жылдарындағы әндер мен бейбіт уақытта жазылған соғыс туралы әндер шырқалды.  Балалар "Священная война", "Темная ночь", "Журавли", «Соғыс әндерінен попурри»   және т. б. әндерін қызығушылықпен тыңдады.

 Осы қорқынышты және қатыгез соғыста қаза болғандар бір минут үнсіздікпен еске алынды.

 

 


ҚР Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу қарсаңында "Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының Сабағына" қатысу мақсатында тарих пәнінің оқытушысы  М. А. Осьмакова жетекшілік сабағын өткізді.

 


3 Қыркүйекте топтарда Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі"атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша сынып сағаттары өткізілді.

 

 


Қоғамдық пәндер оқытушысы Н. Ә. Назарбаевтың тарихи рөлі мен стратегиялық маңызы туралы әңгімеледі.

 

12 желтоқсан күні колледжде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік"атты іс-шара өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. Одан әрі жылдың үздік студенттерін грамоталармен марапаттау және колледж студенттерінің музыкалық құттықтау рәсімі болды.