Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

  

Кабинеттер

Колледжде 6 арнайы пәндер кабинеті және 6 жалпы білім беру пәндері кабинеті жұмыс істейді.

          Жалпы білім беру пәндерін оқу үшін:

қазақ тілі мен әдебиет кабинеті, интерактивті тақтамен, мультимедиялық проектормен, ноутбукпен, веб-камерамен, принтермен жабдықталған;

орыс және шет тілдері кабинеті, интерактивті тақтамен, мультимедиялық проектормен, ноутбукпен, принтермен, стендтермен және плакаттармен жабдықталған; 

қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық пәндер, психология және кәсіби қызмет этикасы кабинеті, интерактивті тақтамен, мультимедиялық проектормен, ноутбукпен, проектормен, демонстрациялық стеллаждармен және тумбалармен жабдықталған;

Математика, физика кабинеттері компьютермен, КФҚ-мен, стендтермен, оқу геометриялық модельдер жиынтығымен, физикалық тәжірибелер өткізуге арналған құрылғылармен жабдықталған;

информатика, автоматтандырылған басқару жүйелері кабинеті, КФҚ жиынтығында 16 компьютермен, мультимедиялық проектормен, стендтермен, кондиционермен жабдықталған;

алғашқы әскери дайындық кабинеті, қабырға стендтер жиынтығымен, автомат макеттерімен, пневматикалық вентовкалармен, жалпыәскери қорғаныс жиынтықтарымен, газтұтқыштармен, тактикалық алаң макетімен жабдықталған.

     Арнайы пәндерді оқу үшін:

материалтану, электоротехника негіздері, автомобильдердің электр жабдықтары, КҚ құрылысы және оларға техникалық қызмет көрсету, автомобиль көлігін пайдалану кабинеті интерактивті LСD панелімен, жиынтықта жүйелік блокпен, сабвумермен, принтермен, автомобиль агрегаттарының макеттерімен, КАМАЗ қозғалтқышымен, автомобиль бөлшектерінің макеттерімен, плакаттармен, стендтермен жабдықталған;

қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы іс-шаралар, ЖКО кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге, қозғалыс қауіпсіздігі және автокөлік құқығы негіздері, ЖҚЕ кабинеті бағдаршам макеттерімен, ЖҚЕ бойынша стендпен, жол белгілері үстелімен, плакаттарымен жабдықталған;

тракторлар, слесарлық жөндеу ісі, қоршаған ортаны қорғау, агрономия, зоотехния құрылғылары кабинеті интерактивті LCD панелімен, колонкалармен, мультимедиялық подиуммен, стендтермен, ауыл шаруашылығы машиналары агрегаттарының макеттерімен жабдықталған;

    қаржылық және бухгалтерлік есеп негіздері, экономикалық талдау, маркетинг, менеджмент, персоналды басқару, фермерлік шаруашылық экономикасы, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің статистикасы мен талдауы, қаржыландыру және несие беру кабинеті, 10 ноутбуктармен, калькуляторлармен, плакаттар жиынтығымен жабдықталған. 

Дәнекерлеу ісі, химия және биология негіздері кабинеті,  LCD панелімен жиынтықта жүйелік блокпен, пернетақтамен, жүгіркімен, колонкалармен, зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған химиялвқ ыдыс жиынтығымен, пробиркаларға арналған штативпен, молекулалардың үлгілерімен, стендтермен жабдықталған.

калькуляция және есепке алу, тамақ өнімдерін тауартану, стандарттау және сертификаттау, тамақтандыру кәсіпорындарының өндірісін ұйымдастыру және келушілерге қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын техникалық жарақтандыру негіздері кабинеті, интерактивті тақтамен, мультимедиялық проектормен, ноутбукпен, принтермен, стендтермен жабдықталған.