«Тереңкөл аудандық аграрлық - техникалық колледжі» КМҚК
0

  

Көптілді білім беру – дамудың маңызды стратегиясы

2019 жылы 2 қазанда ТҰ 22 тобының студенті Котенева Татьяна Павлодар облысының ауылдық колледждері, "Русско – Полян аграрлық техникумы" БПОУ шекаралық техникумының студенттері және Ертіс ауданы мектептерінің оқушылары арасында  өткен "Көптілді білім беру – дамудың маңызды стратегиясы" атты өңіраралық көптілді олимпиадаға қатысты.

Олимпиаданың мақсаты: Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын және ТжКБ көптілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру,теориялық білімді терең меңгеруге, оларды кәсіби және оқу қызметінде практикалық қолдануға ықпал ету.

Олимпиада қорытындысын шығарған әділ қазылар алқасы Татьянаны "Қазақ тілінің білгірі" аталымына лайық деп танып, грамотамен марапаттады