Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

  

Мекенжай анықтамасы алынып тасталды

2019 ж. 1 қарашадан бастап Қазақстанда мекенжай анықтамасы алынып тасталды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен шығарылады.

Демек, мемлекеттік органдар, оқу орындары, медициналық ұйымдар т.б. 1 қарашадан бастап азаматтардан мекенжай анықтамасын талап ете алмайды. Оны «Азаматтарға арналған үкіметтің» филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды.

Қажет болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile  қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады

Айта кету керек, азаматтар екінші деңгейлі банктердің қызметіне жүгінген жағдайда мекенжай анықтамасы талап етілген болса, ЕДБ клиенттері Ұлттық банктің Қоғамдық қабылдауларына шағына алады. Қажетті байланыстар ведомство сайтында көрсетілген. Анықтама телефондары 8 (727) 2 788-104 (ішкі 5573)