«Тереңкөл аудандық аграрлық - техникалық колледжі» КМҚК
0

  

«AGRO» Hackaton - 2019»

5-6 желтоқсанда «Ertis» Жоғары инновациялық аграрлық колледжі» КМҚК базасында аграрлық - техникалық колледж студенттері арасында "AGRO" Hackaton – 2019" облыстық хакатон байқауы өтті.

Біздің колледжден математика, информатика, физика пәнінің оқытушысы В. Н. Сапаеваның жетекшілігімен «Фермер шаруашылығы» мамандығының  3 курс студенттері Салиев Никита мен Яровой Олег қатысты.

Конкурс дербес компьютер архитектурасын білу және офистік бағдарламаларды меңгеру бойынша тапсырмаларды қамтыды, сонымен қатар қатысушылардан командада жұмыс істеуді, белсенді, позитивті және коммуникабельді болуды талап етті.

Байқау қорытындысы бойынша «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжі»  КМҚК «Underground» командасы 2 орынға ие болды!