«Тереңкөл аудандық аграрлық - техникалық колледжі» КМҚК
0

  

Қоғамдық пәндер апталығы

 

Апта шеңберінде студенттерге тарих, қоғамтану, құқық бойынша сыныптан тыс іс-шараларға қатысу ұсынылды.

 

Қоғамдық пәндер апталығы тарих және қоғамтану бойынша ребустар мен жұмбақтар шешумен басталды.

 

2020 жылдың 4 ақпанында оқытушы М. А. Осьмакова Қазақстан тарихы бойынша "Тарих білгірлері" атты интерактивті ойын түрінде интеллектуалдық ойын өткізді, оған 2 және 3 курс студенттері (4 команда) қатысты.

 

2020 жылдың 6 ақпанында 1-3 курс студенттері үшін ҰОС аяқталуының 75 жылдығына арналған "Отан қызметінде"атты тарихи ойын өткізілді.

 

Сонымен қатар, студенттер мен әдіскер Ю. Л. Наумованың қатысуымен ҰОС аяқталуының 75 жылдығына арналған "Еске алу лентасы" атты челлендж түсірілді.

 

Бір апта бойы колледж   фойесінде қоғамдық пәндер апталығына арналған көрнекі стенд рәсімделді.

 

10 ақпанда қоғамдық пәндер апталығының қорытындысы шығарылды. Барлық студенттер мен апта қатысушылары грамоталармен және 1, 2 , 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.