Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

  

Сүйікті кәсіп, оны қалай игеру керек

«Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК 1-ші курстан бастап студенттерді жан-жақты дамыту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Мұндай жұмыстың негізгі бағыттары:

- жеке даму;

- кәсіби даму.

Болашақ мамандар ретінде студенттердің кәсіби дамуының негізі олардың тұлғалық дамуы болып табылады.

 

Біздің колледжге түсуден бастап студенттер түрлі қоғамдық іс-шараларға қатысуға белсенді түрде тартылады, бұл студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға, ұжымда жұмыс істеу қабілетін ашуға, мүмкін көшбасшылық қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Бұл кезеңде кәсіби мансаптық өсудің қажеттілігін сезіну орын алады. Студенттерді өзінің болашақ мамандығы мен еңбек жағдайларымен кешенді таныстыру аясында өндірістік оқыту шеберлерімен тәрбиелік сағаттар өткізіледі. 

 

Оқу жылы бойы Тереңкөл ауданының кәсіпорындарында жұмыс істейтін және мансаптық өсуге қол жеткізген бұрынғы түлектермен студенттердің кездесуі өткізіледі. 2020 жылдың 11 ақпанында «Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі»  КМҚК 2004 жылдың түлегі М. О. Браленовпен кездесу өтті. Сонымен қатар шақырылғандар қатарында 8-ӨСБ қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Алетаев Асқар Шайдоллаұлы болды. Қонақтар өздерінің қазіргі жұмыстарында  қандай қиындықтармен бетпе бет келетіндері және    бүгінгі күні  неге қол жеткізгендері туралы айтты.

 

Кездесу соңында азаматтық қорғау органдарына орналастыру және «ҚР Ішкі істер комитетінің Көкшетау техникалық институтына» түсу бойынша кәсіби бағдарлау әңгіме жүргізілді.

 

Студенттер студенттік өмір туралы естеліктерді үлкен қызығушылықпен тыңдады,мансаптық өсуге қол жеткізу туралы қызықты ақпарат алды.

 Көшбасшылық, жауапкершілік сезімі, байланыс, коммуникативтік қабілеттер, эмоционалдық тұрақтылық, жанжалдарды шешу қабілеті, мотивациялық қабілеттер, әділеттілік сезімі, оқуға ұмтылу сияқты қасиеттер тән адам табысты бола алады.