Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

  

Жұмыс сапары аясында облыстық мәслихат депутаттары колледжге келді

Жұмыс сапары аясында облыстық мәслихат депутаттары колледжге келді

2021 жылғы 16 наурызда жұмыс сапары шеңберінде облыстық мәслихат депутаттары Сайлау Шаймарданұлы Оразбаев, Қайрат Қайырбекұлы Шапуов, Нағымаш Ғарифоллақызы Жүсіпова, Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Қайырбергенқызы Баширова, облыстық мәслихат аппаратының бас маманы Майгүл Нұртайқызы Сүлейменова «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжі» КМҚК-на сапармен барды.

Колледж басшысы Рафик Мухаматгалиевич Габидулин делегацияны оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастырумен, колледждің материалдық-техникалық базасымен, басқа қаладан келген студенттердің колледж жатақханасында тұру жағдайымен, колледж асханасының жұмысымен таныстырды.

Сенімді басқарушы Букеев Руслан Дауренович, «Агро – Даму» ЖШС директоры, жаңа мамандықтарды ашу, тәжірибе базаларын ұсыну, түлектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша бірлескен жоспарлар туралы айтып берді. 

Жұмыс сапарының соңында топ мүшелері аграрлық сектор мен қызмет көрсету саласы мамандарын оқытуды ұйымдастыру сапасына қанағаттанушылық туралы пікір білдірді.

Делегация колледжді  одан әрі дамыту бойынша  ұсыныстар берді.