Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

  

WorldSkills

Шеберлігі үшін медалі

Жыл сайын колледж студенттері WorldSkills аймақтық чемпионаттарына қатысады. Аталған чемпионаттың мақсаты техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының үздік студенттерін анықтау, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және насихаттау, жас бастамашыл адамдарды жұмысшы кәсіптері мен мамандықтарына тарту болып табылады.


2020 жылдың қазан айында 3 курс студенті Юруть Антон "Ақтоғай аграрлық – техникалық колледжі" базасында ТжКБ оқу орындарының студенттері арасында "Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу" құзыреттілігі бойынша WorldSkills өңірлік чемпионатына қатысты. Байқауға облыс бойынша 7 колледж студенттері қатысты. Байқау бағдарламасына трактордың электр жабдықтарын білу, соқаны жұмысқа дайындау және сепкіштерді жөндеу, тракторды жүргізу бойынша тапсырмалар кірді. Чемпионат қорытындысы бойынша А.Юруть "Шеберлігі үшін медалі" дипломымен марапатталды.

View the embedded image gallery online at:
https://atk-terenkol.kz/12-23/worldskills.html#sigFreeId0d7ee5186f


«WORLDSKILLS  KAZAKHSTAN» аймақтық чемпионатына дайындау бойынша студенттер және тәлімгерлер тізімі

 

«Жұмыс тобын құру туралы» Бұйрық

 

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN» аймақтық чемпионатына студенттерді дайындау бойынша жұмыс жоспары