Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

  

Uzdik Maman

Ауыл шаруашылығы саласы студенттерінің кәсіби шеберлігін, сондай-ақ олардың кәсібінің беделін арттыру мақсатында Павлодар облысының жастар бастамаларын дамыту орталығы АӨК түлектері мен студенттері арасында «Uzdik Maman» облыстық байқауын ұйымдастырды. Конкурсқа "Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі" КМҚК ФШ 12 тобының 1 курс студенті Голованова В.А. - ғылыми жетекшісі Асаинова Б.Н., ФШ 21 тобының 2 курс студенті Литвенко Н.С. - ғылыми жетекшісі Айтмагамбетов Б.З., ФШ 31 тобының 3 курс студенті Кулик И.В. - ғылыми жетекшісі Токабаев Н.С. және де 2019-2020 жылы оқу бітірген түлегіміз Роледер А.В. - ғылыми жетекшісі Дятлова Н.Н. қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ФШ 12 тобының 1 курс студенті Голованова В.А. 3 жүлделі орынға ие болды. Голованова В. А. 3 орын дипломымен және естелік сыйлықпен марапатталды. Барлық қатысушылар сертификаттармен, ғылыми жетекшілер алғыс хаттармен марапатталды.