Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

  

«IT – PROJECT» облыстық қашықтық сайысы

«IT – PROJECT» облыстық қашықтық сайысы

 

2021 жылғы 26 мамырда ақпараттық технологиялар колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарыныңі студенттері арасында «IT – PROJECT» облыстық қашықтық сайысы өтті. Сайыстың мақсаты аймақ экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін ең перспективті инновациялар мен технологияларды анықтау және ғылыми инновациялық қызметке тарту арқылы жастардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуетін ашуға, іске асыруға жағдай жасау.

 

IT жоба деп компьютерлерді, телекоммуникациялық немесе мобильді жүйелерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді, бұлтты технологияларды пайдалана отырып орындалған нақты міндетті шешу түсініледі.

 

Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі қатысу үшін екі жобаны ұсынды. «Тамақтандыруды ұйымдастыру және өндіріс саласындағы үздік IT-жоба» номинациясында «Аспаз» біліктілігінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқитын екінші курс студенттері Нургалиева Индира және Зуенко Екатерина әзірлеген тағамдарды есептеуге арналған электрондық шағын – калькуляция. «Ауыл шаруашылығы саласындағы үздік IT-жоба» номинациясында «Бухгалтер» біліктілігінде «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша білім алып жатқан бірінші курс студенттері Камышева Анна, Белоусова Алина, Видергольд Татьяна жұмыс жүргізді.

 

Сайыстық жұмыстарды құрамына мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлер палатасының және IT-қоғамдастықтардың өкілдері енген сараптамалық кеңес мүшелері бағалады.

 

Сайыс қорытындысы бойынша Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжінің студенттері Нургалиева Индира және Зуенко Екатерина 1-ші орынға ие болды.

 

Барлық қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттармен, номинанттар – дипломдармен марапатталды, жоба жетекшілері-өндірістік оқыту шеберлері Н.Н. Дятлова, Б.Н. Саянова, информатика оқытушылары Ж.О. Мадина, В.Н. Сапаева алғыс хаттармен марапатталды.